Меню KDT

 

5 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ескертпелер


5 сынып оқушыларының ата-аналарынан «Бастауыш мектепте жақсы, тіпті үздік оқаған баламның орта буынға барғанда неліктен оқу үлгерімі төмендеді?» деген сұрақты өкінішке орай жиі естиміз. Ал үшінші тоқсанда оқу үлгерімі мүлдем төмендейді ме?

Неге олай болатынын талдап көрелік.

Үшінші тоқсан – үздіксіз 2,5 ай оқитын ай. Олимпиада, тестік бақылаулар, ауа-райының құбылмалы болуынан балалардың далаға шықпай үйде отыратын кезі. Сондықтан мектептегі үлгерімі нашарлап, ауру-сырқаудың көбеюі таңқалдырмайды. Дәрігерлер мен педагогтар мұны үшінші тоқсан синдромы деп атайды. Шындығында ондай синдром болмаса да, бұл синдромды қызметін жаңа бастап жатқан жас педиатрлар да біледі. Белгілері:

Бұл жағдай немен түсіндіріледі?

5 сыныпта 4 сыныпқа қарағанда сабақ жүктемесі ауыр, оның үстіне бала орта буынға үйрену барысында қандай да бір эмоционалдық күйзелісті бастан кешіреді. Осының бәрі екінші жартыжылдықта баланың сабағынан, денсаулығынан байқалатын болады. Бала ағзасының гормондарының өзгеруінен де ми қабығында қозу жылдам жүреді де, ал тоқтау үдерісі баяу жүреді. Бұл баланың іс-әрекетінен байқалады. Мұндай күйде балаға назарын сабаққа аудару, зейінін бір нәрсеге ұзаққа шоғырландыру қиынға түседі.

Оқушының өтпелі кезеңінде оны сабақ пен бағадан гөрі құрдастарымен қарым-қатынасы көп алаңдататынын ұмытпаған жөн. Бала танымдық қызығушылығын ғаламтор мне достарының арасынан іздейді.

Сондықтан 5сыныпта оқу үлгерімінің төмендеуі кең тараған заңды құбылыс.

Не істеу керек?

Физиологтар мен психологтар баланың сабаққа қызығушылығын оятатын іс-шараларды анықтап, оның мөлшерін анықтап көрсетті.

Мектеп жүктемесінің тигізер көмегі:

  1. Қозғалыс белсенділігі: бастауыш және орта буында оқитын оқушылар күніне 5км жүруі керек.
  2. Таза ауада күнделікті кем дегенде 1,5сағат, демалыс күндері 3сағат жүру керек.
  3. Бала күніне 10сағат ұйықтау керек. Жұмыс күндері ұйқы қанбаса, демалыс күндері ұйқысы қанып ұйықтау керек.
  4. Дұрыс тамақтану керек. Ақуыз мидың жұмысы жақсартады, жеміс-жидектер иммунитет пен ас қорытуды жақсартады.
  5. Күнтәртібін сақтау керек. Бала күнтәртіппен жүретін болса, көп шаршамай, тиянақты болады.
  6. Ата-ананың қолдауы. Балаға бұйрық беріп, айқайлау, баланың эмоцияналды жағдайын нашарлатады. Психологтар бала екілік алып қалса, сабақтан қалып тынығуына рұқсат беру керектігін айтады. Тәжірибе көрсеткендай, сонда бала тынығып, үлгерімі де арта түседі.
  7. Баланың ағзасының да гормонды өзгеріске түсетінін ұмытпаған жөн.
  8. Демалыс күндері баланы сабақ оқытып отырғызып қоймау керек.

Блог директора

Послание Президента

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц5
  • За неделю0
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки